Подписка на рассылку новостей ГУ «Отдел занятости и социальных программ города Сарани» Карагандинской области
 
 
 

Имидж  гос службы

 

 

ГлавнаяАналитическая информация

Аналитическая информация




Халықты әлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесін қамтамасыз ету мақстанда 3 бағыт бойынша жұмыс ұйымдастырылған.
1. Тұрақты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету
2015 жылы 905 адам жұмысқа орналастырылды..
Кәсіптік оқытуға 26 адам жолданды, жоспар 100 % орындалды. 
Қоғамдық жұмыстарға жоспарда 164 адам болған кезде 238 адам жолданды, орындалу пайызы 145% құрады.
Материалдық көмек өз бетімен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және өз ісін дамытуға 8 жұмыссызға көрсетілді.
Жастар практикасына 29 түлек, әлеуметтік жұмыс орындарына – 36 адам жолданды.
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» Бағдарламасын іске асыру аясында Бағдарламаның 6 қатысушысы 15,0 млн.теңге сомасындағы шағын несиені алды, қосымша 11 жұмыс орны құрылды.
Ағымдағы жылы 4 бос орындар жәрмеңкесі өткізілді, жәрмеңке барысында 305 бос жұмыс орны ұсынылды.
2016 жылғы 1 қаңтар ахуалы бойынша, жұмыспен қамту секторында тіркелген, жұмыссыздар саны – 72 адам.
Сарандық жұмыс берушілер жұмыскердің жағдайының жақсаруына, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің дамуына ерекше мән береді.
2015 жылы «Бахыт» бала бақшасы» ЖШС, «Саран қаласының мәдениет үйі» КМҚК, «КаралPlast» ЖШС, «СКЭП» ЖШС, «Карат» ЖШС бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» республикалық конкурсына қатысты.
Саран қалалық жұмыс берушілер және кәсіподақ өкілдері кеңесінің қатысуымен Саран қаласы кәсіпорындары мен әкімдік арасында жұмыскерлерді жұмысқа орналастыру және еңбек құқығын қамтамасыз ету, өндірістік үдерісті тұрақтандыру мақсатында қалада өзара серіктестік туралы 76 меморандум жасалды.
2. Халықтың аз қамтылған тобына әлеуметтік көмектің тиімділігі мен атаулылығын арттыру 
2015 жылы 9266 әлеуметтік жәрдемақы тағайындалды. Жәрдемақыны төлеу уақытылы жүргізілді, бөлінген қаржылар толық көлемде игерілді.
3. Мұқтаж азаматтардың әр түрлі санаттарымен жұмыс.
Қалада азаматтардың әлеуметтік қорғалған санаттарын есепке алу жүргізіледі. 2016 жылғы 1 қаңтарда қалада: 
18 аз қамтылған отбасы;
11 соғыс мүгедегі, қатысушысы; 
2344 мүгедек тұрады.
Әлеуметтік көмек бөлімшесімен қала ішінде тұратын және жақын туған-туысқандары жоқ 256 жалғыз басты қарт азаматтарға қызмет ету бойынша қызметтер көрсетіледі.
18 жастан асқан тұлғалар мен балаларға үйде қызмет көрсету жөніндегі бөлімшеде 80 адамға қызмет көрсетіледі.
«Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ жанындағы әлеуметтік көмек бөлімшесінің, мүгедек-балалары 2015 жылы қазанда Қарағанды қаласында өткізілген, «Үміт сәулесі» мүмкіндігі шектеулі балалар мен жастар арасындағы XI спорттық және шығармашылық Фестивальдің жүлдегерлері атанды.
Мүгедектерді арнайы гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету жөніндегі, ымдап көрсету тіл маманының, жеке көмекшінің қызметін көрсету жөніндегі қызметтер толық көлемде көрсетілді. Мүгедектерге инватакси қызметі көрсетіледі.
Халыққа әлеуметтік қорғау шараларын көрсету бойынша атқарылған жұмыс нәтижесінде жұмыссыздық деңгейінің тұрақты төмендеу қарқыны байқалады 2011 жылы 5,2%-ден 2015 жылы 4,8% дейін, кедейлік деңгейі 2011 жылы 0,4%-тен 2015 жылы 0,2% дейін. Мүгедектерге әлеуметтік бейімдеу шараларын көрсетуге арналған қаржыландыру айтарлықтай өсті 2011 жылы 11,9 млн.теңгеден 2015 жылы 42,1 млн.теңгеге дейін. 
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Жолдауына сәйкес 2016 жылы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» Бағдарламасының пішімі қайта қарастырылатын болады. Қазіргі уақытта қалада Бағдарламаның «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» 1 бағытын іске асыру үшін дайындық жұмыстары өткізілді. 
Жұмыспен қамту жол картасының шеңберінде қосымша жұмыс орындарын құру, шағын несиені бөлу есебінен шағын бизнеске өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз азаматтарды тарту белсендендірілетін болады.
Қаладағы еңбек нарығындағы сұранысқа ие, мамандықтар бойынша жұмыссыз азаматтарды оқытуды және қайта оқытуды ұйымдастыру жоспарлануда.
2016 жылы қаланың мұқтаж тұрғындарына әлеуметтік қорғау шараларын көрсету бойынша жұмыс жалғасатын болады.



«Мен болмасам кім?!» ынтымақтастық орталығының  17 января 2018 года

«Мен болмасам кім?!» ынтымақтастық орталығының «Малыш бөбекжай-балабақшасы» КММ жұмысы аясында 2018 жылғы 12 қаңтарда Саран қаласының үйге әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің мүмкіндігі шектеулі балаларына арналған «Ескі Жаңа жыл» мерекесі өткізілді.

«Саран қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ  16 января 2018 года

«Саран қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ                   29 жасқа дейінгі жастарды өндірістен қол үзбей, сондай-ақ жұмыссыз, өзін өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды  оқытуға, кадарларды қайта даярлау курстарына төмендегі мамандықтар бойынша шақырады

«Саран қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ  16 января 2018 года

«Саран қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ жұмыссыз азаматтарды ақы төленетін қоғамдық жұмыстарға шақырады

«Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ  10 января 2018 года

«Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ Саран қаласы мен Ақтас кентінің тұрғындарын 2018 жылы           19 қаңтарда

27 желтоқсанда үйде қызмет көрсетілетін балаларға  29 декабря 2017 года

27 желтоқсанда үйде қызмет көрсетілетін балаларға арналған Жаңа жылдық ертеңгілік өткізілді.

1 2 3 ...   Следующая   На последнюю

http://e.gov.kz/wps/portal http://www.government.kz/ http://www.parlam.kz/ http://karaganda-region.gov.kz/rus http://akorda.kz http://saran.gov.kz/
 
Бөлімнің мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмысына баға беріңіз.
Архив голосований
Саран-37
Караганда-35
Доллар США324.65
 
Евро397.66
 
Российский рубль5.74
 




 





Қантар, 2018
ДНСНСРБНЖМСБЖБ
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031