Подписка на рассылку новостей ГУ «Отдел занятости и социальных программ города Сарани» Карагандинской области
 
 
 

Имидж  гос службы

 

 

ГлавнаяҚазақстан РеспубликасыҚР мемлекеттік рәміздері

ҚР мемлекеттік рәміздері



«Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 4 маусымдағы N 258 Конституциялық заңы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні


«Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі.
Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын  білдіреді».
Нұрсұлтан Назарбаев
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.
Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік әнұран мемлекеттік рәміздер болып табылады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ  «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимні
Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның гимні Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды.
Музыкасы – композитор Шәмші Қалдаяқовтікі, сөзі – Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаевтікі.


«Саран қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ 29 жасқа дейінгі жастарды өндірістен қол үзбей ...  5 апреля 2018 года

«Саран қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ 29 жасқа дейінгі жастарды өндірістен қол үзбей, сондай-ақ жұмыссыз, өзін өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды оқытуға, кадарларды қайта даярлау курстарына төмендегі мамандықтар бойынша шақырады

2018 жылғы 19 наурызда Саран қаласы әкімінің орынбасары  28 марта 2018 года

2018 жылғы 19 наурызда Саран қаласы әкімінің орынбасары                       Е.Оспановтың төрағалығымен Оралмандар мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өткізілді.

Көктемнің жаңару мерекесі «Наурыз мейрамын»  27 марта 2018 года

Көктемнің жаңару мерекесі «Наурыз мейрамын» мерекелеу қарсаңында 2018 жылғы 20 наурызда Қарағанды қаласының Автоәуесқойлар клубының еріктілері үйге атаулы әлеуметтік қызмет алатын 80 балаға арнап қайырымдылық акциясын өткізді.

2018 жылғы 15 наурызда «Саран қаласы әкімінің аппараты» ММ конференция залында  19 марта 2018 года

2018 жылғы 15 наурызда «Саран қаласы әкімінің аппараты» ММ конференция залында Саран қаласы әкімінің орынбасары Е. Оспановтың төрағалығымен Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай

14 наурызда Саран қаласының үйге әлеуметтік көмек көрсету  19 марта 2018 года

14 наурызда Саран қаласының үйге әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі балалар үшін «Көңілді Наурыз» мерекелік бағдарламасын дайындады.

1 2 3 ...   Следующая   На последнюю

http://e.gov.kz/wps/portal http://www.government.kz/ http://www.parlam.kz/ http://karaganda-region.gov.kz/rus http://akorda.kz http://saran.gov.kz/
 
Бөлімнің мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмысына баға беріңіз.
Архив голосований
Саран+12
Караганда+12
Доллар США326.17
Евро401.25
Российский рубль5.31



Сәүір , 2018
ДНСНСРБНЖМСБЖБ
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30