Подписка на рассылку новостей ГУ «Отдел занятости и социальных программ города Сарани» Карагандинской области
 
 
 

Имидж  гос службы

 

 

ГлавнаяБөлім туралыБөлім туралы ереже

Бөлім туралы ереже



Ережеге қосымша

«Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

1. «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мекеме) мемлекеттік қызметтерді көрсету, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы мәселелерді үйлестіруді жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Мекеменің секторлары мен бөлімшелері бар:
1) жұмыспен қамту секторы;
2) әлеуметтік бағдарламалар секторы;
3) мүгедектер мен қарттарға үйде әлеуметтік көмек бөлімшесі;
4) 18 жастан асқан мүгедектер мен мүгедек-балаларға үйде әлеуметтік көмек бөлімшесі;
3. Мекеме өзінің қызметін Қазақстан Республикасы заңдары мен Конституциясына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Президентінің актілеріне, басқа да нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Мекеме заңды тұлға болып саналады және оперативті басқарма құқығындағы мүлікке ие, мемлекеттік тілде атауы жазылған мөрі және мөртаңбасы, белгіленген үлгідегі бланктері және де заңнамаға сәйкес банкіде есеп шоттары бар.
5. Мекеме өз атынан азаматтық - құқықтық қатынастарға қатысады.
6. Мекеме мемлекет атынан азаматтық - құқықтық қатынастарға қатысуға, егер ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті болса. құқығы бар.
7. Мемлекеттік мекеме өз құзіретінің мәселелері бойынша белгіленген заңнамаға сәйкес шешімді, мемлекеттік Мекеменің басшысымен рәсімделген бұйрықты және басқа да актілермен Қазақстан Республикасы заңнамасында қарастырылған тәртіпте қабылдайды.
8. Мекеменің құрылымы және штат санының лимиті Саран қаласының әкімдігімен қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Мемлекеттік мекеменің заңды мекен-жайы: 101200, Қарағанды облысы, Саран қаласы, Жеңіс көшесі 45.
10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже Мекеменің ұйымдастырушы құжаты болып табылады.
12. Мекеменің қызметі республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландырылады.
13. Мекемеге, мекеменің функциялары болып табылатын міндеттерін атқаруға, кәсіпкерлерлер субъектілерімен келісімдік қатынасқа енуге тыйым салынады.
2. Мемлекеттік органның міндеттері мен құқықтары, қызметтері, негізгі мақсаттары, міндетті істері

14. Мекеменің міндетті ісі:
азаматтарды әлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесі.
15. Міндеттері:
1) қала халқына көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын көтеру;
2) көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің нормтивтік құқықтық базасын толық жетілдіру;
3) мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасының бағасы және мониторингі;
4) жұмыспен қамту саласындағы бағдарламаны жүзеге асыру;
5) өнімдік жұмыспен қамтумен қамтамасыз ету;
6) мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету;
7) қала халқының түрлі әлеуметтік топтарымен жұмыс.
16. Қызметтері:
1) мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша тиісті нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;
2) Мекеменің құзіретіне кіретін, мемлекеттік қызметтер сапасына ішкі бақылауды өткізу;
3) халыққа мемлекеттік қызметті көрсету;
4) халықты жұмыспен қамту деңгейінің ыңғайлы өсуі;
5) жұмыс күшінің ұсыныстары мен сұраныстарының баланс жасауын талдау;
6) жұмыс күшіндегі жұмыс берушілердің қажеттілігін анықтау мақсатында жұмыс күшіне сұраныс мониторингін өткізу;
7) қала кәсіпорындарында, қала оқу орындарының базасында жұмыссыздарды қайта даярлау, біліктілігін көтеру, кәсіби даярлау есебінен еңбек нарығында бәсекегеқабілеттілігін арттыру;
8) еңбек нарығының қажеттілік есебіне сәйкес жұмыссыздарды даярлау және қайта даярлаудағы икемді жүйені ұйымдастыру;
9) әлеуметтік қолдауға мұқтаж, халықтың нысаналы тобын жұмыспен қамтуды үйлестіру;
10) қоғамдық жұмыс түрлерін және ұйымның тізілімін кеңейту, қоғамдық жұмыстарды толық жетілдіру және ұйымдастыру;
11) материалдық көмек ұсыну жолымен өз ісін ұйымдастыруда жұмыссыздарға жәрдемдесу;
12) өнімдік жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынш халық арасында түсіндірмелі жұмысты өткізу;
13) бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін ұйымдастыру жолы бойынша, оңтайлы жұмыс табуға жәрдемдесу;
14) әлеуметтік серіктестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық үш жақты комиссиямен жұмыс;
15) әлеуметтік статистиканы және ақпараттық қамтамасыз етуді толық жетілдіру, автоматтандырылған ақпараттық жүйе базасын енгізу: «Еңбек нарығы», «Жұмыспен қамту», «Әлеуметтік көмек», «Мүгедектердің орталықтандырылған база мәліметтері», «Е-собес»,«Е-акимат, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» ақпараттық жүйесі;
16) «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру;
17) 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы мен атаулы әлеуметтік көмек өтінген, азамматтардың тұрмыс жағдайын зерттеуін жүргізу бойынша Саран қаласы бойынша жеке учаскелік комиссияның жұмысы, соныңішінде Саран қаласы мен Ақтас кенті бойынша;
18) Мемлекеттік емес көздерден көмек көрсету;
19) Халықты әлеуметтік қорғау шараларын көрсету бойынша өткізілген жұмыс туралы халық арасында түсіндірме жұмысын өткізуді қамтамасыз ету;
20) Саран қаласы әкімдігінің жанындағы мүгедектер ісі жөніндегі Кеңес қызметін ұйымдастыру;
21) мүгедектердің қоғамдық ұйымдарымен жұмыс;
22) халықтың әлеуметтік осал қабатымен жұмыс.
17. Міндеттері мен құқықтары:
1) жеке және заңды тұлғалармен азаматтық-құқықтық қатынасқа қатысу, келісім-шарт жасау және қолданыстағы заңнамаға қарсы келмейтін, басқа да қызметтерді жүзеге асыру;
2) барлық меншік түріндегі ұйымдардан және мекемелерден, кәсіпкерліктерден қала әкімінің құзыретіне қатысты мәселелер бойынша лауазымды тұлғалардан ауызша және жазбаша түсініктемені, құжаттарды және басқа да  материалдарды, қажетті ақпаратты сұрау және алу;
3) ақпарат мәліметтерінің барлық түрлерін, соның ішінде құпияны қолдануға;
4) Мекеменің қызметі мен құрылымын жетілдіру бойынша ұсынысты қала әкіміне енгізу;
5) қаланың дамуына қажеттілігі мен мүдделерінің үйлесуіне Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Президентінің ішкі және сыртқы саясатын өмірдегі негізгі бағыттарға жолдауды жүзеге асыру;
6) қала, облыс әкімдіктерінің қаулыларын, қала , облыс әкімдіктерінің тапсырмаларын және өкімдерін, шешімдерін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Президентінің актілерін, Қазақстан Республикасы Заңдарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру, сондай – ақ Үкіметтің және Президенттің актілерін, Қазақстан Республикасы Заңдарының орындалуын, анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қабылданған шараларды, олардың орындалмау себебі мен шарттарын қамтамасыз ету және ұйымдастыру;
7) қоғамдық ұйымдармен, қалалық мәслихаттармен, қала әкімінің аппаратымен өзара әрекетті қамтамасыз ету;
8) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті қосымша ақпаратты алу үшін тиісті мемлекеттік органға сұраныспен өтініш білдіру;
9) мемлекеттік қызметті көрсету бойынша қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету.
Мекеменің негізгі міндеттері:
1) мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы мемлекеттік қызметті тұтынушыны ақпараттандыруды қамтамасыз ету;
2) мемлекетттік қызметті көрсету сапасын бағалауды өткізу үшін ақпараттандыру саласында уәкілетті орган, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау бойынша уәкілетті органда тиісті ақпаратты ұсыну;
3) мемлекеттік қызметті тұтынушының өтініші мен шағымын қарастыру болып табылады.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

18. Мекеме басшылығы мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және олардың өз қызметін жүзеге асыруына арнайы жауапкершілікті атқаратын бірінші басшымен жүзеге асады.
19. Бірінші басшы Саран қаласының әкімімен лауазымға  тағайындалады және лауазымнан  босатылады.
20. Мекеменің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Мекеменің бірінші басшысының бұйрығымен лауазымға тағайындалып және лауазымнан босатылатын орынбасарды иеленеді.
21. Мекеменің бірінші басшысының өкілеті:
1) Мекеме жұмысшыларының өкілеті мен міндеттерін анықтайды;
2) Мекеме жұмысшыларын заңнамаға сәйкес лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
3) белгіленген заңнамалық тәртіпте кеңейту шараларын қолданады және Мекеме қызметкерлеріне тәртіптік жазалар қолданады;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған акттілерге қол қояды:
5) Мекемені мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда таныстырады;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттерді жүзеге асырады;
7) жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бергені үшін арнайы жауаркершілікке тартылады.
Мекеменің бірінші басшысы болмаған кезеңдерінде, оның өкілеттілігін орындау Қазақстан Республикасының әрекет ететін заңмасына сәйкес оның орынбасарымен жүзеге асады.
22. Мекеменің бірінші басшы өзінің орынбасарының өкілдігін Қазақстан Республикасының әрекет ететін заңнамасына сәйкес анықтайды.

4. Мемлекеттік органның мүлігі

23. Мекеме заңнамада қарастырылған, жағдайда оперативтік басқару құқығында оқшауландырылған мүлікке ие болады. Қазақстан Республикасының заңнамасымен тиым салынбаған, мемлекеттік мекеменің мүлкі мемлекетпен берілген мүлік есебінен және де негізгі қорлардан (ақшалық табысты қосқанда), айналым қаржыларынан, мемлекеттік мекеме теңгерімінде құны көрсетілген басқа да мүліктен қалыптасады
24. Мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
25. Мекемеге бекітілген мүлікке және қаржыландыру жоспары бойынша оған берілген есеп құралдарынан алынған мүлекке, егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленбеген болса, өз бетінше иелігінен шығаруға немесе басқа да әдістермен өкімдік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

26. Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Саран қаласының әкімдігінің қаулысымен жүзеге асырылады.



«Мен болмасам кім?!» ынтымақтастық орталығының  17 января 2018 года

«Мен болмасам кім?!» ынтымақтастық орталығының «Малыш бөбекжай-балабақшасы» КММ жұмысы аясында 2018 жылғы 12 қаңтарда Саран қаласының үйге әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің мүмкіндігі шектеулі балаларына арналған «Ескі Жаңа жыл» мерекесі өткізілді.

«Саран қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ  16 января 2018 года

«Саран қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ                   29 жасқа дейінгі жастарды өндірістен қол үзбей, сондай-ақ жұмыссыз, өзін өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды  оқытуға, кадарларды қайта даярлау курстарына төмендегі мамандықтар бойынша шақырады

«Саран қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ  16 января 2018 года

«Саран қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ жұмыссыз азаматтарды ақы төленетін қоғамдық жұмыстарға шақырады

«Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ  10 января 2018 года

«Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ Саран қаласы мен Ақтас кентінің тұрғындарын 2018 жылы           19 қаңтарда

27 желтоқсанда үйде қызмет көрсетілетін балаларға  29 декабря 2017 года

27 желтоқсанда үйде қызмет көрсетілетін балаларға арналған Жаңа жылдық ертеңгілік өткізілді.

1 2 3 ...   Следующая   На последнюю

http://e.gov.kz/wps/portal http://www.government.kz/ http://www.parlam.kz/ http://karaganda-region.gov.kz/rus http://akorda.kz http://saran.gov.kz/
 
Бөлімнің мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмысына баға беріңіз.
Архив голосований
Саран-37
Караганда-35
Доллар США324.65
 
Евро397.66
 
Российский рубль5.74
 




 





Қантар, 2018
ДНСНСРБНЖМСБЖБ
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031